Ең бай қазақстандық 10 спортшы кім?

479
2019 жылдың қорытындысы бойынша көп қаражат тапқан Қазақстанның 10 спортшысын QUECIE порталы анықтап берді деп жазады NUR.KZ.
Руслан Балтиев
Фото: prosports.kz
10-шы орынға спорттық мансабын 1997 жылы «Жетісу» клубында бастаған бұрынғы қазақстандық футболшы орналасқан. Оның байлығы 2,8 миллион долларға бағалануда.
Спортшы Forbes және Bloomberg сынды журналдардан да көрінген.
Андрей Карпович
Фото: footboom.kz
Кәсіби футболшының жеке қоры 3,3 миллион долларды құрайды.
Ол мансабын семейлік «Елімай» клубында бастап, 2007 жылы мәскеулік «Динамода» доп тепкен. Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны да болды.
Ол қазіргі уақытта көкшетаулық «Оқжетпес» клубының бас бапкері қызметін атқарады.
Виталий Колесник
Фото: shaiba.kz
Хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы 3,5 миллион долларға ие. Ол мансабын «Казцинк-Торпедо» командасында бастаған.
Галина Воскобоева
Фото: prosports.kz
Теннисшінің жеке қорында 4,3 миллион қаржысы бар. Галина Ресей мен Қазақстан құрамаларының атынан халықаралық жарыстарға қатысты.
Ярослава Шведова
Фото: instagram.com/yaroslavashvedova
Кәсіби теннисші 2012 жылы үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік рейтингте 25 орынға дейін көтерілген. Оның байлығы 5 миллион доллар деп бағалануда.
Бақтияр Артаев
Фото: abctv.kz
2004 жылы өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған боксшының қаржысы 6,9 миллон долларды құрайды.
Самат Смақов
Фото: footboom.kz
Футболшы Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншылардың бірі. Ол мансабын семейлік «Елімай» клубында бастап, ресейлік клубтарда да доп тепті. Қазір «Ақтөбе» клубының қожайыны.
Оның жеке қорында 7,5 миллион доллары бар.
Николай Антропов
Фото: vesti.kz
Астаналық «Барыс» хоккейшісі 7,6 миллион доллар қаржыға ие.
Василий Жиров
Фото: kz.utro.news
Жиров 1996 жылы Антланта қаласында өткен олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Оның байлығы 8,1 миллион долларға бағалануда.
Генадий Головкин
Фото: Daily Mail
Боксшы қазақстандық спортшылар арасында «қалталысы» болып саналады. Оның жеке қоры 8,5 миллион долларды құрайды.