ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

2365
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік- экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мыналар:
1. Заңның және соттың алдында баршаның теңдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңыздысы қағидалардың орындалуы және іске асырылуы. Өкінішке орай, бұл заң біреулерге дұрыс, біреулерге жұмыс жасамайды.
2. Мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметінің заңға СҮйенетін регламентін, заңдылығын және жариялылығын қамтамасыз етуі.
3. Мемлекеттік аппараттың құрылымы, кадрлық жұмысты жетілдіру және жұмысты жетілдіру және мәселелердің шешімін жеке және заңды тұлғалардың құқық және заңды түрде мүдделеріне қатысты заң құру.
Осы аталған саладағы қабылданған заңнамалардың басты мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлөкеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Салық төлеушілер мен салық органдарының қызметкерлері сыбайлас жөмқорлыққа қарсы біріге күресіп, жоғарыда айтылған қағидаларды орындап, кемшіліктерді болғызбауы керек.
Е.ЕРЕЖЕП,
Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есепке алу және талдау бөлімінің бас маманы.