Нұр-Сұлтанда көшелер сусабынмен жуыла бастады

217
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, асфальттағы май қалдықтары мен басқа да дақтарды қарапайым сумен тазарту мүмкін емес.
Нұр-Сұлтан көшелерін тазалауда жаңа әдіс қолданылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Көше тазалаудағы жаңа әдіс туралы әкім Бақыт СұлтановFacebook-тегі парақшасында да жазды.
Коммуналдық қызметтер алғаш рет қала жолдарын арнайы жуғыш құрал – сусабынмен жуа бастады. Оны қолдану асфальтты көктайғаққа қарсы материалдардың қалдықтарынан, доңғалақтың ескірген тысының үгінділерінен, мұнай қалдықтарынан және қысқы маусымда пайда болған май дақтарынан тазартуға ықпал етеді. Қарапайым сумен мұны тазалау мүмкін емес. Ал бізге жол белгілерін салу алдында көшелерді мұқият жуу өте маңызды, – деп жазды Бақыт Сұлтанов.
Әкімнің мәліметінше, коммуналдық қызметтердің сусабынды пайдалануы жол сапасын және жүргізушілердің қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізеді. Жуғыш зат  зиян заттарды бөлмейді. Көшелер қажет болған жағдайда күн сайын тазартылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз