«Самрұқ-Қазына» — отбасылық жем-астау…

123
Мұнай құны таяу арада көтерілмейді. Сондықтан, қалай болғанда да, бюджетті қатаң секвестрлеу керек болады. Және бұл істі, мүмкіндігінше, тезірек бастау қажет. Аталған процеске Есеп комитетін, сондай-ақ, тәуелсіз экономисттерді тарту керек, өз басым, ат салысуға әзірмін.
1. Бірінші кезекте квазимемсектор — Самұрық-Қазына, Бәйтерек, Қазагроны, еш жалтақсыз, тарату керек. Бұл жерге «еш жалтақсыз»  дегенді неге қосып тұрмын. Өйткені бұл компанияларда депутаттар мен үлкен шенеуніктердің балалары, немерелері жұмыс жасайды, «отбасылық жем-астау» десе де болады. Сондықтан, бұл процесті осы компаниялармен байланысы жоқ адамдар ғана жүзеге асыра алады.
2. Самұрық-Қазынаның (ҚМГ, ҚТЖ, Қазатомөндірісі сықылды) табиғи еншілес-монополияларын, Бәйтеректің (Қазақстаннның даму банкісі сықылды) еншілес компанияларын үкіметке тікелей бағындыру керек. Бұлардың жұмысын тиісті министрліктер (Энергетика министрлігі, АШМ, т.с.с) бақылауы тиіс. Ал олардың кіріс-табыстары, із-түзсіз жойылып кететін бас холдингтерге емес, бюджетке тікелей құйылуы керек.
3. Мәнсіз бюджет бағдарламаларын, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін, қажетсіз субсидияларды аямай құрту қажет, бұлар да – мемлекет қаржысын жеке қалтаға салудың қитұртқы амалдары. Бюждет қаржысын жалмаудың жылдар бойы қалыптасқан бұл жүйесін де, еш жалтақсыз және аяусыз, күйрету керек болады.
4. Жер реформасын тездетіп өткізу қажет. Пайдаланбай тұрған жерлерді босатып, мал ұстап, өз күнін өзі көруі үшін жергілікті ауыл тұрғындарына таратып беру керек. Әлде біреу «екі сиыр» идеясына қарсы ма екен? Бұл жерде көп мәселе латифундистердің мүддесіне келіп тіреледі.
5. Еуразиялық Экономикалық Одақтан шығу не, ең болмаса, оған мүше болуды тоқтата тұру туралы мәселе көтеру қажет. Халық бұл идеяны қызу қолдайды. Бұнсыз экономикалық даму деген болмайды, бұл – отандық өндірушілер және ұлттық валюта үшін өмір мен өлім мәселесі. Коронавирус -жаһандану, интеграция сынды жалған идеялардың жаназасын шығарды.
Дағдарыс жағдайында бәрі – сөзсіз ұлттық мемлекеттерге айналып шыға келді.
Ең әуелгі іс-қадамдар осы. Осыларды қолға алуға, Үкімет шешімді қаншалықты ертерек қабылдаса, өздері үшін де, халық үшін де соншалықты жақсы болады. Айтпақшы, онда құрылған Реформалар және модернизация орталығы не болып жатыр екен?
Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз