ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

84
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қоғамдық кеңес мүшелерімен және олардың жұмысымен танысу мақсатында кеңес отырысына қатысты.
Бүгінгі таңда кеңес құрамының 24 мүшесі бар. Түрлі сала мамандарымен толыққан кеңес қоғамдық мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарында қызмет етуде. Кеңестің жылдық жоспары бекітіліп, құрамынан тұрақты комиссиялар құрылған.
Қаладағы өзекті мәселелер аталмыш жиындарда көтеріліп, шешімін табуы қажет екенін айтқан қала басшысы ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Біздің жұмыстың басты бағыттарының бірі — халықпен және азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнату. Осы орайда қоғамдық кеңестің атқаратын рөлі үлкен маңызға ие болып отыр. Өйткені мемлекеттік органдардың ашықтығына қол жеткізілді. Кеңес жұмысы билік пен қоғам арасындағы байланысқа арқау болды», — деді әкім.
Кеңес отырысында шаһар басшысының және төрт аудан әкімдерінің есептері де тыңдалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз