Шымкенттің моншасында оқыған балалар енді ақылы тойханаға ауысты

124

Тойхана кезінде ай сайын 15-20 миллион теңге табыс тапқан кәсіпкер ол межеден түскісі келмейді екен. Сондықтан әр баланың оқуына айына кемі 100 мың теңге алуды көздейді.

Шымкентте былтыр моншада оқыған балалар биыл білімді сәні келіскен тойханада алатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кезінде қазы-қарта тұрған столдардың орнына қазір парталар қойылған. Қымбат безендірілген салтанат сарайының ішінде тойшыл қауым емес, кәдімгі мұғалімдер сабаққа дайындалып жатыр. Әзірге қашықтан оқытатын болғандықтан, оқушылар жоқ. Наурыз айынан бері карантинде пайдадан қағылған соң тойхана қожайыны әкімнен осы жерде бала оқытуға рұқсат алыпты.

«Келесі аптадан бастап 500-ден астам баланы оқытуға мүмкіндігіміз бар» деген кәсіпкер, келешекте 2,5 мың оқушыны ақылы түрде қабылдауды жоспарлап отыр. Тойхана кезінде ай сайын 15-20 миллион теңге табыс тапқан кәсіпкер ол межеден түскісі келмейді екен. Сондықтан әр баланың оқуына айына кемі 100 мың теңге алуды көздейді.

«Той наурыз айынан бастап тоқтады. Бес-алты ай болды. Енді бәрібір жұмыс істеу керек қой. Екі дүниенің де тірлігін жасау керек», — дейді жаңа амалға көшкен кәсіпкер Есбол Қамбаров.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз