Түркістан облысында 28 жас дәрігер баспаналы болды

475
Түркістан облысында шалғай ауылдардағы медициналық мекемелерде маман жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында баспана беріле бастады.
Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен, соңғы жарты жылдың ішінде жоғары оқу орнын бітіріп келген 28 жас дәрігер үйлі болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Баспаналы болғандардың қатарында хирург, онколог, терапевт, балалар дәрігері және акушер-гинеколог мамандары бар. Олардың дені медициналық мамандықты Алматы, Астана секілді ірі қалалардан меңгерген. Еңбек жолын ауылдан бастағанды жөн көрген жастарға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетіліп, әрбір маманға 1 миллион теңге бір реттік қаржылай көмек төленіп келеді. Мәселен, 2018 жылы ауылдарға жолдама алған 89 жас маман осындай әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды осында енгізіңіз