Түркістан облысының Келес ауданында әкімшілік-іскерлік орталық салынады

1137
Түркістан облысында жаңадан құрылған Келес ауданында ішкі өнім көлемі 46,9 млрд теңгеге жеткен. 142 мыңнан аса халқы бар ауданда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен көпқабатты тұрғын үйлер салынады.
Бұл туралы бүгін өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы және алдағы тұрған міндеттері туралы есеп берген аудан әкімі Ақметнай Есбаев айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақметнай Есбаевтың сөзінше, өткен жылы аудан орталығы Абай ауылының бас жоспары бекітілген. Мұнда 90 гектар жерге үш және бес қабатты үйлер салу және кәріз жүйесін жүргізу жоспарлануда. Бүгінде бұл жерлерді жеке шаруа қожалықтарынан заңға сәйкес мемлекет мұқтаждығына алу мәселесі шешілуде. Осы мақсатта ауданда мақсатсыз пайдаланылмай отырған жайылым және коммерциялық және суармалы жерлер анықталып, мемлекет қорына алынып жатыр.

Түркістан облысының Келес ауданында әкімшілік-іскерлік орталық салынады

«Қазір ауданда ешқандай үйдің құрылысы жүргізіліп жатқан жоқ. Дегенмен бірқатар ауылдық округтерде жастарға, жас мамандарға 10 пәтерлі үйлер салу жағы қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығында 32 гектар жерге индустриалды аймақ құру ұсынылды. Ол жерлерге инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама жасалуда. Сол сияқты агро индустриалды аймақ салынады. Онда көкөніс сақтау қоймалары мен қайта өңдеу, көкөніс өнімдерін қабылдау пункттері ашылады»,- деді Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.