17 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫ АЛДАҒАН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНА ҚАТЫСТЫ ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ

1117

Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты ірі тергеу жұмыстары аяқталды. «Гарант 24 ломбард», «Еstate ломбард», «Выгодный займ», «Нұр-Әли Капитал» ұйымдары 17 мың адамның 30 жарым миллиард теңгесін қайтармаған.

Аталмыш қаржы ұйымдары кең ауқымда және елдің барлық қалаларында жұмыс істеген. Зардап шегушілердің саны 17 мыңнан аса адам. Ломбардтар бәрі бір схема бойынша әрекет етті. Олар ақшаны 3 айдан 6 айға дейін депозит қағидаты бойынша қабылдады, 20 пайыздық үстемемен қайтарды. Сонымен қатар, пәтерлерді нарықтан жоғары бағамен сатып алып, оларды қайта сатты.

34 қылмыстық іс бойынша 56 адам айыпталушы деп танылды. Олардың көпшілігі Қазақстанға Ресейден, Молдовадан, Әзірбайжаннан және Түркиядан табылып, экстрадицияланды. Тергеу изоляторларында 33 адам бар, қалғандары қолхатпен шектелді, үй қамауында отырғандар да бар. Алты күдікті әлі іздеуде.

Қазір процеске қатысушылар материалдармен танысады, содан кейін іс заңдылықты тексеру үшін прокуратураға, содан кейін сотқа жіберіледі.

«Бір схема бойынша жұмыс істеді. Құрылтайшылар мен басшылар бірдей адамдар болды. Менің тәжірибемде бұл бірінші жағдай болды. Бұрын мұндай жағдайлар республикада сирек тергелетін», – деді ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Жанболат Әбдірайымов.