ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ АДАЛДЫҚ ИДЕЯЛОГИЯСЫН ДӘРІПТЕДІ

1567

Бүгін   Түркістан облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев  облысқа қарасты Келес ауданында болып, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен  және аудандық Штаб мүшелерімен кездесу өткізді. 

Кездесудің негізгі мақсаты —  азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау.   

Парасаттылық құндылығы кең көлемде дәріптелген келелі жиын барысында Е.Тұңғышбаев сөз алып,  халық үніне құлақ түру – ақпараттық-ағартушылық Штабының  көздеген негізгі мақсаты екендігін  және халықпен тең отырып тілдесу — талай түйіннің шешілуіне түрткі болатындығын жеткізді.  
   
Сондай-ақ,  мұндай үгіт-насихаттық жұмыстар арқылы жиынға қатысушыларды адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарына үндеп,  тұрмыстық жемқорлық індетіне қоғам болып төтеп беруге шақырды.  
 
      Жиын соңында Штаб жұмысының адалдық идеяологиясын арттыруға бағытталғандығын және  баянды бастаманың ұлттық құндылықтармен сабақтасып жатқандығын аңғарған жиынға қатысушылар өз сауалдарын жолдап, мардымды мәлімет алды.  

Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған республикалық ақпараттық-ағарту Штабының Түркістан облысындағы мүшелері  облысқа қарасты аудан-қала тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, бүгінгі күні түсіндіру әрі насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.