Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call-орталығы

1449

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді.

Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа түсу тәртібін түсіндіреді.

Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды.

Егер бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда Агенттіктің, сондай-ақ бей-жай емес азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды.

Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.