Қазығұрттық қоғам қайраткері

1347

( Бекет Тұрғараев жайлы )

Киелі Қазығұрт баурайынан қанат қаққан ғалым, білім, өнер қайраткерлері баршылық. Өз басым оларды « Тынымсыз еңбек ететін патриот, үнемі ізденісте жүретін ғұламалар»- деп түсінемін. Қанша жерден өкіметтен немесе қоғамдық ұйымдардан «қайраткер» деген мәртебе алғанмен туып- өскен еліндегі ауылдастары түгелдей мойындамаса ол жәй ғана қолпаштау болып қала береді. Тіптен «Е, мынау ма?» деп сенімсіздікпен қарауы да мүмкін. Елдің бәрін тәнтті ету де мүмкін емес .

Әйтседағын менің замандасым ҚР еңбек сіңірген заңгер, меценант, профессор Бекет Тұрғараев жоғарыдан емес, Қазығұрт баурайындағы жерлестерінің «қайраткері» атанып отыр.Оған себеп әкім-қоралардың олардың шашбауын көтерген,өздерін саясаткер санайтын әккі шал-шауқандардың қитұртқы әрекеттерінен облыс мәслихаты депутаттығына өте алмауы себеп болды. Өмірде мұндай жағдай да кездесетін көрінеді.Дегенмен алтынды тот баспайды.

…Енді сонау ауыл округінің шеті саналатын Талдыбұлақтан шыққан Бекет замандасымның «қайраткерлікке» жету жолдарынан үзінді келтіре кетейін. Республикаға танымал жазушы һәм әуесқой композитор Зұлпыхар Әбдірәсілов ағамыз осыдан нақ 60 жылдай бұрын «Бала Бекеттің» топ бастағанын қоян өсіріп оның еті мен терісін қажет етіп жүргендерге тегін таратып жүргенін өлең жолдарымен өрнектеген екен. Ал « ауыл философы» атанған шежіреші Зайт Алентаев ақсақал , Бекеттің бала кезінен кесіп сөйлеп, нық жүретініне назар салып «осы бала түбінде сот болады» дейтін көрінеді. Көптің көзі көреген — ғой.

…Жылдар жылжып сол Бекең облыстық соттың төрағасы болып аудан жұртшылығымен кездесуге келгенде батылдығына, батырлығына куә болдым.Ауылдастарына тікеден-тік» Заңды құрметте, одан мәртебеңіз төмендемейді. Егерде біреу қиянат жасап мәселе ауданда шешілмесе облсотқа келіңіздер. Оған кіруге батылдығыңыз жетпесе тікелей үйге келіңіздер –деп бір-ақ қайырды.

Кейбір саясаткерсымақ басшылар, кесірі тиіп кетер ме деп туған әкесін қаладағы үйіне шақырмай жүргенде»қаймана қазаққа»үйге келіңіздер дегені қайраткерліктің белгісі еді.

Онан әрі республикалық прокуратурада , Солтүстік Қазақстанда облсоттың төрағасы болып қызметтер атқарды. Бекет мырзаны жете тануымызға ауданымыздың аты Қазығұртқа ауыстырылғанда басталды.

Өткен 30 жылда ауданымызда кемі 30 рет аудан экономикасына аса қажетті акциялар өтті. Соның бәріне уақыт тауып қатысты және қомақты үлесін қосты. Жерлес жазушымыз Қалаубек Тұрсынқұловтың танымдық «Қазығұрт» кітабына «Қазығұрт энциклопедиясына» демеушілік жасады.Бүкіл республиканың зиялы қауым және БАҚ өкілдерін «Кеме қалған» биікке шақырып , оларды қонақ етті

Әрқайсысына ағаш еккізіп, есімдерін ойып жаздырды. Қазығуртқа инвесторлар тартты. Талдыбұлақтағы мектепті өз қаржысымен салдырды, ауыз су жеткізді.

Ауыл-ауылдың мәдени ошақтарын қайта жөндеуге, жаңадан салуға ықпал етті .

Енді осындай азаматтың сенгіштігі мен аңғалдығын да айта кетейін. Аудан әкімінің оның аппаратының, олар дайындаған сайлау комиссиялары төрағаларының « Ағамызсыз.

Жағамызсыз. Сіз депутат болмағанда өзгеге не жол» –деп түлкіше бұлғаңдағандарына риясыз сенді.

Бәрімізге белгілі болғандай, адам баласының бойында бір ғана жамандық бар ол –надандық. Ол қарапайым адамның бойынан табылса зияны шамалы, ал егер де ел-жұрттың алдында жүргендерден шықса трагедия, қоғам үшін өте қауіпті. Өйткені олардың қолында бүлдіріп жіберетіндей күш бар. Біздің әкіміміз бастаған аяр топ орден тағып осыны сәтті аяқтап, республикаға аты мәлім тұлғаны аяқтан шалып, қызметте өрлеуге қолдарын жеткізді. Сонымен бақытқа кенелсе жолдары болсын!

Бәсекелестердің және бір сайлаушыларды шатастырғаны Б. Тұрғараевтың «Солтүстіктің тұмасы, Қожаберген жырау атындағы қайырымдылық қорының төрағасы» болғаны, тарихты білмейтіңдерге кері әсер етті. Идеологтары, қаржылы құлары біржақтағы Қожабергенді айтады, соған қаржы шашады, ауылға оның не пайдасы бар? -дегенді әр ауылға «снаряд» ретінде тастап қойды. Бұл барып тұрған азғындық үгіт-насихат еді.

-Алтай мен Жайсаң жақтан көш келеді.

Тай-тайлақ көш бас сайын бос келеді

Айырылған егізінен қандай ауыр

Мөлтілдеп қара көзден жас келеді

Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ

Басынып ата жауым етті мазақ- деп

«Елімай» дастанын шығарған, Бөгенбай батырға дейін 60 жыл ұдайы бас қолбасшы болған «Жеті жарғының», авторларының бірі Қожаберген бабамыздың атына дақ түсіру ұят-ақ болды.

Елімай-әлі күнге елдің зары «Солтүстіктің» жырауын Оңтүстікке танытқан Бекет мырза, Шыңғысханнан тарайтын Салқам Жәңгірхан мен Самарқандтың билеушісі болған Жалаңтөс Баходирге айбынды ескерткіш орнатып, бүкіл түркі халықтарының өкілдерін шақырып ас берді. Бұлардың ешқайсысы да Бекеттің жеті атасы емес. Бұл композициялық ескерткіштер мемлекеттік сыйлыққа сұранып-ақ тұр .Бұл архитектуралық ансамбль барлық құрылысы біткен соң, жастар алаңымен қоса, мемлекет қарауына табысталыпты. Бұл да бір ерлік емес пе?

Бәрінеңде ар мен уәдені биік қоятын танымал тұлға, депутат болмаса да ел тапсырған аманаттарды біртіндеп орындап келеді. Осының үшін де елге сыйлы. Халықтың ары мен намысы болған Қожаберген жыраудың «Ер айтса-ел айтқаны, елдің қамын жеп айтқаны» дегені профессордың өзіне арналғандай-ақ.

Күре жолдың бойындағы (Сарапхана ауылы)

Бекет Тұрғараевтың тікелей басшылығымен, демеушілігімен пайдалануға берілген «Рухани жаңғыру» саябағын аралағандар құлыптастарға ойылып жазылған қазақ даналарының ұлағатты сөздерін оқып-ақ тектілікке, қайраткерлікке ұмтылатыны сөзсіз. Осы бір дала «мұражайына» кіргендер адам ретінде де, ар алдында да өзіне-өзі есеп беретіні даусыз.

Келіңіздер, көріңіздер, ой бөлісіңіздер.

Тастанбек Бердіқұл

Зейнеткер ұстаз, ауданның Құрметті азаматы.