Әйелдеріміздің орыстанғаны — елімізге жүз есе қауіпті!

1174

ӘЙЕЛДЕРІМІЗДІҢ ОРЫСТАНҒАНЫ — ЕЛІМІЗГЕ ЖҮЗ ЕСЕ ҚАУІПТІ!Қазақтың еркектеріне қарағанда, әйелдері мен қыз-келіншектерінің орыстанғаны — ұлтқа 100 есе қауіпті. Анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілді тез игеріп шығады. Сонсоң, орыстанған әйелдеріміз еркектерімізге қарағанда әлдеқайда көкбет; «Тілің де, басқаң да — өзіңе! Өз өмірім, өзім білем!-мен бет бақтырмай бетіңнен алады. Талай көрдім.

Баланың ешқандай да кінәсі жоқ, анасы қай тілде сөйлесе, ол да сол тілде сөйлеп шығады. «Тілім осы екен»- деп ойлайды. Ділі де солай қалыптасады. Қазіргі орыстілді балаларымыз бен бүлдіршіндеріміз ертең есейгенде де,»Тілім — қазақ тілі»- деп мүлдем мойындамайды, керек қылмайды. Себебі, олар орыс тілімен ойнады, орыс тілімен өсті, орыс тілімен нан жеді. Бітті!Тіл — мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Тілің құрдымға кете берсе, бала-шағаң, қатын-қалашың, соларға тіл жағынан бас-көз болмаған ез еркектеріміз көбейсе, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі де түбінде нөлге айналады. Сөйтіп, өзге елге жұтыламыз да кете барамыз.Қазіргі жағдай — Тіл, Тіл және Тіл!Немқұрайлы қарасақ, өз обалымыз өзімізге.Тілдің тағдыры, ұлт үшін, Жердің тағдырымен бірдей. Ұлтқа Жер қандай керек болса, Тіл де сондай керек. Бұл екі АНА — екі қанатымыз. Бірі қайырылса, екіншісі сені ешқашанда Көкке көтере алмайды. Ресейдің де тілімізді менсінбей, үстем саясат жүргізіп отырғаны содан.Қырымды аннекциялап өзіне қосып аларда, сол Қырымның 90 пайыздан астам халқы орыс тілін қолдап, Путиннің ығына жығыла кеткенін ұмытпайықшы! Сол жығылған халықтың 70 пайызынан астамы орыстілді украиндар болған.

Бекболат ҚАРЖАН,»Адырна» ұлттық порталы