Шымкенттің бас дәрігері жұқпалы аурулар ауруханасындағы жантүршігерлік жағдайды көрсетті (видео)

1673

Шымкент қаласының бас дәрігері жұқпалы аурулар госпиталіндегі жантүршігерлік жағдайды көрсетті.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-парақшасында видео жариялады. Видеода ол Асар шағын ауданындағы Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында екенін айтады. Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған науқастар осы ауруханаға жеткізіледі.

«Жансақтау бөлімінде науқас өте көп. Көбі 25, 30 және 40 жастағы адамдар. Олар қазір өте ауыр жағдайда. Барлығыңызды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шықарамын. Бүгінде Шымкенттің барлық мемлекеттік және жеке медициналық мекемесінде «Спутник V» вакцинасын тегін салдыруға болады», — деді ол. Видео кадрларында бөлімшедегі барлық төсек бос емес екені байқалады. Олардың кейбіреуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Видеодан арнайы құрылғымен де дем алуы қиындаған науқастарды көруге болады.

Tengrinews.kz тілшісі шенеунікпен хабарласты. Бақытжан Позилов видео 15 сәуірде түсірілгенін айтты.

«Сіздерді COVID-19-ға қарсы вакцинацияға шақырамын. Қазіргі уақытта вакцинация қауіпті жұқпалы аурудан қорғайтын жалғыз тиімді әдісі. Вакцинация коронавирус жұқтыру және асқыну дерегінің алдын алады. Медициналық ресурс шексіз емес. Вирусты біріксек ғана жеңе аламыз», — деді Позилов.