Гүлнара Каримовадан тәркіленген демалыс үйлері аукционға шығарылды – видео

1203

Өзбекстанда Гүлнара Каримовадан қылмысы арқылы мемлекетке келтірілген залал үшін өтемақы ретінде тәркіленген «Сиджак» демалыс үйі сатылымға шығарылды. Таудағы сәнді демалыс орталығымен танысуға журналистер шақырылды. Бұл туралы Aikyn.kz Kun.uz-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Демалыс үйі Ташкент облысының Бостанлык ауданында, теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте, Пскем өзені аңғарының оң жағалауында орналасқан.

Жер учаскесінің жалпы ауданы – 5,4 гектар. Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы – 5 016,1 шаршы метр. Кешеннің аумағында қонақ үйлер, коттедждер, ашық және жабық бассейндер, теннис корты, спорт залдары және басқа да құрылыстар бар. «Сиджак» демалыс үйі Гүлнара Каримовадан 2017 жылдың ақпан айында сот ұйғарымымен тәркіленді. Кейіннен бұл орталық Триатлон федерациясына уақытша пайдалануға берілді.

Президенттің  2021 жылғы 11 ақпандағы  жарлығы негізінде «Бельдерсай» демалыс үйі және басқа да кейбір нысандар инвесторларға дайын бизнес нысаны ретінде сатылатын болады. Мемлекеттік активтер басқармасы агенттігі аукционға қатысу үшін өтініштерді 2021 жылғы 30 сәуірге дейін қабылдайды.