ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ҚАЛАЙ ЖЫЛЖИДЫ?

2123
Құрметті қала тұрғындары!
Өткен жолғы ақпаратымызда тұрғын үй кезегі және оның санаттары туралы бірқатар қажетті ақпараттармен бөліскен болатынбыз. Бүгінгі жарияланымда тұрғындардың көкейкесті сауалдарының бірі тұрғын үй кезегі қалай жылжиды деген сұраққа жауап іздейтін боламыз.
Жалпы тұрғын үй кезегі екі жағдайда жылжиды.
Бірінші. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар кезек ретімен тұрғын үй алған жағдайда. Яғни мемлекеттік тұрғын үй қорына кезекке тұрған азаматтар өз кезегі жетіп оларға пайдалануға пәтер берілген жағдайда ол азаматтар тұрғын үй кезегінен автоматты түрде шығарылады.
Екінші. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың электрондық базасын пайдалана отырып, жыл сайын түгендеу жүргізген жағдайда. Яғни мемлекеттік тұрғын үй қорында кезекте тұрған азаматтардың біріңғай базасына түгендеу жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтардың тұрғын үй кезегіндегі санаттарға сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда үміткер тұлға тұрғын үйге мұқтаждар есебінен автоматты түрде шығарылады. Қайта жаңартылған базадан кейін міндетті түрде тұрғын үй кезегіңіз жылжиды.
Автоматты база арқылы жүзеге асатын порталда кезектің негізсіз жылжымай қалуы немесе кезектен алынып тасталуы сонымен қатар кезектің артқа жылжуы деген әрекеттер темірдей қатаң жүйеде орын алмайды.
Бұл орайда Сіздер тұрғын үй кезектеріңізді тәулік бойы кез — келген уақытта е-гов электрондық порталы арқылы үнемі бақылап отыра аласыз.
Тұрғын үй кезегінен мұқтаждар есебінен шығару негіздері деген тақырыпқа алдаға уақытта жеке тоқталатын боламыз.
Ақпараттар Сіздер үшін пайдалы болды деген ойдамыз!