КОНДИТЕР МАМАНЫ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

1081
Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Орталық жұмысының бір бағыты – өз кәсібін ашып, табыс табуға барынша ықпал ету, деп хабарлайды Ardak.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы бағыт шеңберінде қаладағы белгілі кондитер шебері Гүлдана Қансейітованың 8 сағаттық «Новые пироги» шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған орталыққа тіркелген отбасылардың мүшелері қатысып, бір күнде 12 түрлі тәтті пісіруді үйренді.
Қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді. Келешекте тәтті пісіру өнерін меңгерген әйелдер үйде отырып, табыс табуға мүмкіндік алып отыр. Осылайша бала тәрбиесімен үйде отырған аналарға, сүйікті істерін дамыта отырып мол табысқа кенелуге болады. Қыз-келіншектер үшін бұл таптырмас мүмкіндік.
Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға өз кәсібін бастауға жол көрсетіп, тәлімгер болған Гүлдана шеберге алғыс білдіреді. Алда мұндай шеберлік сабақтары жиі өткізіліп тұрмақ.