Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын — алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы тұрғыда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция инспекторлары және
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 15 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып 33 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдерді тәртіпті болуға, адамгершілікті ұстануға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды. Кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтылды.