ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҚ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

960
Шымкентте жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.
 Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Бауыржан Қарбеков Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен “Жастар арасындағы діни экстремизмнің, суицидтің, ұлтаралық араздастық пен құқық бұзушылықтың орын алуын ескерту және алдын алу” тақырыбында кездесуге қатысты.
Сондай-ақ, аталған шараға Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері, «Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің бірінші имамы Мұсабек Ақтамберді, қалалық Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” теолог маманы Айнабек Ерболат, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының өкілдері мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдердің өмірлік мүмкіндіктерін көтеруге, қорғансыздық сезімін төмендетуге, олардың өзіндік іс-әрекетін жүзеге асыруы мен өмірлік әрекетіне керек талаптарды құруға бағдарланған жалпы профилактикалық шараларды іске асыру қажеттілігі талқыланды. Осы орайдағы басты мақсатымыз – ең алдымен жастар өмір сүретін әлеуметтік ортаны оңтайландыру, оны жақсарту, әлеуметтік жобаларды іске асыру болып табылады.
«Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ» — дейді Бауыржан Қарбеков.