«Жасөспірім» іс-шарасы өткізілді

857
Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  «Жасөспірім» жедел — профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын — алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Іс-шара аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын — сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, олардың ата — аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата аналарына ескерту жасалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын — сауық мекемелерінде болу жайттері анықталды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.