“Көп нәрсені білмейтін жас бала”: Мерей Акшалов Төрехан Сабырхан туралы өз ойын айтты

213

Бұл туралы бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Акшалов Ақарыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бас хатшының айтуынша, Төрехан Сабырхан Атырау облысының атынан өнер көрсетуді мәлімдегенімен, процесске қатысты ешқандай заңдылықты сақтамаған.

”Төреханның Атырау облысына ауысқанын интернет желісінен білдік. Ол Instagram желісінде мәлімдеме жасады. Мамыр айының басында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында Төреханның өзіне де “сен қайдасың” деп сұрақ қойдым. “Мен Атырауға ауыстым” дейді. Сен қалай ауысасың, Түркістан облысы сені шығару керек, Атырау қабылдап алу керек. Оның ешқайсысы болған жоқ. Оның өзінің заңдылықтары бар, Президентпен сөйлестім деп олай болмайды, ақылдасу керек дедім. Ол түсінді, көп нәрсені білмейтін жас бала”, — дейді Мерей Акшалов.

Сондай-ақ, ол боксшылардың ақша үшін басқа облыстың атынан өнер көрсетуіне қарсы екенін де жасырмады.

“Қазір әңгіменің көбі ақшада. Кім көп ақша төлейді сол жақта. Ол дұрыс емес. Қай облыстан шықса, сол жақтан шығу керек. Ана жақ ақша төлейді деп ауысып кетуге қарсымын. Мысалы, Төрехан Атырау облысына ауысты. Егер де сол облысқа көшіп барып, сол жерде дайындалса, Атырау облысының боксшыларымен дайындық жасаса, пайдасы болады. Өйткені, Атырау облысының боксшылары тәжірибе алмасады, бой түзейді. Ол Атыраудың атынан шығады, бірақ Түркістан облысында дайындалады. Мыналарға не пайда? Тек ақша кетіреді. Сондағысы Олимпиадаға барса, “бізден барды” деген атақ ғана болады. Төрехан ауысқаннан Атырауда бокс өспейді. Одан да сол облысқа мықты бапкер әкелу керек. Соған беретін ақшаны бапкерге беру керек. Бапкер әкелсеңіз, 3-4 жылдан кейін ол кетсе де бала мен инфраструктура қалады. Мықты жаттықтырушы мынадай зал салу керек, ринг алу керек деп бәрін алдырады. Ол кетсе де сол дүниенің бәрі қалады. Жас жаттықтырушылар тәжірибе алып қалады”, — дейді ол.