«ҚАУІПСІЗ СУ» МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

786
Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» МКҚК-ы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ardak.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Келісімге сәйкес, қаладағы Әл-Фараби ауданына қарасты жетім және аз қамтылған отбасылардың балаларына спорт кешенінің жүзу базасында ақысыз шомылуға және дұрыс жүзуді үйренуге болады.
Шомылу маусымы кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жасалып отырған меморандумның екі тарапқа да маңызы зор.
Былтырғы жылы шомылу маусымында қалада төрт жазатайым оқиға орын алды. Оның себебі балалар арнайы жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде суға түскен. Биыл мұндай келеңсіз жағдайлар мүлдем орын алмауы үшін тырысып жатырмыз. Бұл балаларға жазғы демалысты денсаулығына пайдалы етіп өткізу үшін керемет мүмкіндік деп ойлаймын.
Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ негізі.