“ҒАЛАМТОРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ” ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІР-САЙЫС ӨТТІ

2769

Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Өкінішке орай, жоғарыда айтылған ғаламтордың артықшылықтарына қарамастан, оның зиян жақтары да көп болып шықты.

Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Көптеген азамат ғаламтор арқылы кәсібін дөңгелетіп, қажетіне жаратып жүр. Алайда, сол ғаламтордың келесі зиянды тұстары да жоқ емес. Оның бірі — адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін. Одан бөлек, қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.

Осы орайда, Шымкент қаласы білім басқармасы Энергетика және байланыс колледжінде  “Жас қыран” дебат клубының жоспарына сәйкес клуб жетекшісі әдіскер Кереубаева Жанат Ерболқызы және Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Серік Айдана Ерланқызының ұйымдастыруымен пікір-сайыс өткізілді. “Шаңырақ” және “Жалынды жастар” командалары сайысқа түсіп, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны” тақырыбы бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ғаламтордың пайдасы мен зиянды жақтарын толықтай ашты. Дебат соңында директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кемалова Алия Жакыповна және әдіскер Усипбекова Лаура Мейрбековна дебаттық сайысқа қатысып, жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, патриоттық сезімдерін одан әрі дамытуларына тілек білдірді.