«Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы ұйымдастырылды

1225
Бүгін, «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Игі істер марафоны» аясында Birgemiz: Saulyq жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында 24-28 мамыр күндері аралығында «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» қан тапсыру донорлық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты: жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру, донор болу арқылы өзгеге үміт сыйлау, өскелең ұрпаққа донор болғанның ешқандай зияндығы болмайтынын түсіндіре отырып, қаламызда донор жандардың қатарын көбейтуге қала тұрғындарын және жастарды игілікті іс жасауға шақыру.
Аталмыш акцияға, қала тұрғындары, қалалық маслихат депутаттары мен фракция мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты, жастар ұйымдары, жас спортшылар мен өнерпаздар, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, волонтерлер және белсенді жастары, жалпы саны 200-ге жуық адам қан тапсыруға қатысты.
Акция барысында алдымен қатысушылары денсаулықтары толық тексеруден өткізіп, қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықтап, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берді.