26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің тапсырысымен қаланың 10 негізгі жолдары мен көше қиылыстарында орналасқан баннерлерге есірткіге қарсы бағытталған әлеуметтік жарнамалар ілінді.
Атап айтқанда, әлеуметтік жарнамалар Әл-Фараби алаңы, Қонаев даңғылы мен Іляев көшелерінің қиылысы, Тәуке хан даңғылы мен Тәшенов көшелерінің қиылысы, Қалдаяқов пен Жангелдин көшелерінің қиылысы, Рысқұлов көшесі, Қонаев даңғылы, Шымкент – Ташкент тас жолы, Жұманов атындағы автокөлік базарының маңы, Төлеметов пен Сырым батыр көшелерінің қиылысы, сондай-ақ Желтоқсан мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысына орналастырылды.
«Аталған жарнамалық баннерлер қала тұрғындарын есірткіден аулақ болуға шақырады және қоғам назарын осы мәселеге аударып, есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған» – дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Карбеков.
Айта өтсек, бұл бастаманың мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.