ЖАС РЕЖИССЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

683
Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас актер, режиссер Шымыр Сүлейменмен кездесу өтті.
Аталмыш шара талантты жастарды қолдау мақсатында өнерге қызығушылығы бар жастардың қатысуымен өткізілді.
 Кездесу барысында жас актер өнер жолына келуі жайлы, актер мамандығының қыр — сырымен алдағы сомдағалы жатқан рөлдері жайлы айтып өтті. Сондай-ақ, жастар өзара сұрақ — жауап алмасып, қызықты әңгімілер айтылды.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.