«ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1459

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ» жабасы аясында Қаратау, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психолог мамандарының қатысуымен оффлайн тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтырды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.

Кездесуге Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және оқу орындарының психологтары қатысты.