Қасым-Жомарт Тоқаев: Президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысамын

1856
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміздің жан-жақты дамуы тұрғысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыру үшін мен сайлауға қатысамын», — деді Мемлекет басшысы«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Елбасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан алдағы сайлауға ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.