«АИТB/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды

1020
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар арасында АИТB/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» бірлесе отырып, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының студенттеріне салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «АИТB/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: АИТB/ЖИТС дертінің алдын-алу,оның жұғу жолдарын одан сақтану туралы түсіндіру.
Іс-шараға: «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығы» профилактикалық жұмыстар бөлімінің маманы Жургенбаева Назира, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Тастанбеков Нұрсұлтан және «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдыханов Мухтар Кибраевич, жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Жолдасова Шолпан Айтжановна және студент жастары қатысты.