ШЫМКЕНТТІК ЖАС ӨНЕРПАЗ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

880
Алматы қаласында театр өнері бойынша 13-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Халықаралық «Думанды елім» өнер байқауы болып өтті. Байқауға шымкенттік жастар да қатысқан болатын.
Халықаралық байқау барысында өнерлі өрендердің шығармашылығы сынға түсті.
Нәтижесінде, «Жылқы аттас фамилия» қойылымы бойынша Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Жүзтаев Бағдат Бас жүлдеге ие болды.
Бас жүлдегер Бағдат енді Стамбулда өтетін Халықаралық байқауға қатысатын болады.