Инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда

826

Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабы 2014 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданынан Шымкент қаласының әкімшілік-шекаралық аумағына қосылған.

Елді-мекендегі басты көшелерге аялдамалар орнатылып, қалаішілік қоғамдық көлік жүргізілді.

2019 жылы тұрғын алапты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында 254 тұрғын үйге арналған ескі электр желілері мен трансформаторлар жаңартылып, бетон бағаналар орнатылды.

Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында 1-дана ашық спорт алаңшасы салынды. Ағымдағы жылы тұрғын алаптағы орталық Айнатас көшесіне 2,3 шақырым жарықтандыру шамдары орнатылды.

Тұрғындардың ұсынысына сәйкес «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында #126 мектеп жанында балалар ойын алаңшасы құрылады.

Елді-мекендегі 13-көшенің 2-і (Шоқтас, Орталық) қала аумағына қосылғанға дейін асфальтталған болса, қалаға қосылғаннан кейін осы 2-көше қайта жаңартылып, аяқ жолдар салынды. Одан бөлек, 11-көшеге шағал тас төселді. Ағымдағы жылы шағал тас төселген көшелердің 10-көшесін асфальттау жоспарда бар. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ПРОФИЛЭНД» жауапкаершілігі шектеулі серіктестіугі Бесқұлан, Сарыөзен, Құмтөкей, Ақшығанақ көшелеріне асфальт жабынының бірінші қабатын төседі. 6-көшеге асфальт қабатын төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алапта қалған 1-көшені (Бұғылысай) асфальттау 2023 жылға жоспарланған, жыл қортындысымен асфальтталған жолдардың үлесі 100 пайызға жетеді. Айнатас тұрғын алабының халық шоғырланған негізгі аумағы ағымдағы жылы инфрақұрылыммен толық қамтылады. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жаңақұрылыс аймағындағы 5 үй мен 12 жер учаскесін сапалы электр қуатымен және орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар (ПСД) әзірленді құрылыс жұмыстары 2024 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, 17-абонентті табиғи газбен қамту үшін 2023 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жалпы тұрғын алаптың инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіші 93,3 пайызды құрайды, 2024 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер 100 пайызға жеткізіледі.