Төрт мыңнан астам баланы тегін спорт секцияларымен қамту жұмыстары ұйымдастырылды

1029
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын, жас ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажет екендігін атап өткен болатын.
Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында тиімді іс-шаралар атқарылуда.
Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен алғаш рет қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен «Шымкент жастар лигасы» өткізілді. Жастар лигасына 140 жалпы орта мектептің 536 командасы қатысты. Ойындарға 8569 оқушы қамтылды.