Шымкентте ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

762

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында №96 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, мекеме бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 млн теңгеге аударым жасалған.

Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған азамат өз кінәсін толық мойындауына байланысты осы қылмыстық құқықбұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.