ФУТБОЛДАН ОТБАСЫЛЫҚ ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

886

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарламасын  қабылдап, оның ішінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында  үшінші мегаполисті жүйелі жобалар жүзеге асып келеді.  «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деген Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қарсыбай  Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде   Отбасы құндылықтарын насихаттап, отбасы мүшелері салауатты өмір салтын насихаттап барысында   ата-аналардың қатысуымен кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері және «Әкелер» командасы қатысқан тартысты ойынның нәтижесі бойынша №7 ІТ мектеп-лицейінің футбол құрамасы жеңіске жетті. Жақсы ойын көрсеткен «Әкелер» командасының барлық мүшелері арнайы дипломдармен марапатталды.