Мәлихат депутаты азаматтарды онлайн режимде қабылдады

807
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Сүлейменов бекітілген кестеге сәйкес қала тұрғындарын жеке мәселелерімен онлайн режимінде қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтар жаңа оқу жылына балаларын мектепке дайындау, оқуға құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, жол жөндеу және әлеуметтік көмек, т.б., мәселелерді көтерді.
Мәслихат депутаты өтініш білдірген азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдап,  өтініштердің оң шешілуіне ықпал жасады.
Өз кезегінде қабылдауда болған азаматтар партияға деген сенімдерін жеткізіп, алғыстарын айтты.