ШЫМКЕНТТЕ «ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ» БАСТАЛДЫ

1093

Жақында жылу беру маусымы басталады. Осыған орай тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында 18 тамыздан бастап Шымкентте «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Құрамына ТЖ департаментінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың, газ беру мекемелерінің қызметкерлері және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілері кіретін мобильді топтар қала тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар алда жылыту маусымына жылыту құралдар мен жабдықтарды бүгіннен бастап дайындау керектігін еске салады. Мұржаларды уақытында тазалап, пешті ағартуды ұсынады. Қарапайым сақтық шаралары, өрт қауіпсіздігі мәселелерінде адамдардың жүріс-тұрыс мәдениетін арттыру жалғыз алдын алу шарасы болып табылатынын еске салады.

Электр құралдары мен жылыту пештерін орнату кезінде абай болыңыз! Ақаулы розеткаларды, басқа электростатикалық заттарды пайдаланбаңыз. От жағылған пештерді қараусыз қалдырмаңыз, абайсызда қолдану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі жағдайларына сәйкес келмейтін пештерді пайдалануға жол бермеңіз.

Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.