ШЫМКЕНТТЕ «ҚУЫРШАҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ» ӨТЕДІ

881
Шымкент қаласының қуыршақ және жасөспірімдер театры қала тұрғындары мен қонақтарын 20 қазан күні «Арбат» алаңында өтетін «Қуыршақтар жәрмеңкесіне» шақырады.
Бұл күні театр ұжымы кішкентай көрермендер үшін тың бағдарлама әзірлеп отыр. Жәрмеңке қуыршақтар шеруімен басталып, мамандар театр қуыршағының дайындалуы жөнінде шеберлік-сабағын көрсетеді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жәрмеңкеде қуыршақтардың «өмірге келуімен» бірге, қоюшы режиссерлер олардың құпиясымен де бөліседі.
Мәдени жәрменкеде бүлдіршіндер шебер қолынан шыққан ертегі кейіпкерлері мен түрлі образдағы қуыршақтарды тамашалап, ұнағанын сатып алуға мүмкіндігі бар.
Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған іс-шара «Арбат» алаңында сағат 11:00-де басталып, 17:00-ге дейін жалғасады.