ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ЖАС АНАЛАРҒА АРНАЙЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

686

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич,NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің мамандары жалғыз басты жас аналарға балаларға арналған киім-үлгілері бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Шеберлік сабағына «Ана үйі қоғамдық қорының» жас аналары және дизайнер,тігін шебері Айдарбек Қарлығаш Мейіржанқызы @tiginshi.karlygash қатысты.

Сабақ барысында Қарлығаш ханым жас аналарға лекала сызып,сәбилерге арналған бас киімдер мен белдемшелер,жейделер тігіп өз тәжірбиесімен бөлісті. Жас аналарға тігін тігудегі лайфкахтарды үйретті.