«ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК — ИГІ ІС» ТАҚЫРЫБЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

695

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Конституция күніне арнайы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі және Шымкент қаласы «Әмбебап жекпе-жек бірлескен федерациясымен» бірге «Ынтымақ, бірлік — игі іс» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары өтті.

Негізгі мақсаты жастарды ынтымақтастық жолында бірлікте болып, игі амалдармен айналысуға тәрбиелеу. Сонымен қатар қоғамдағы түрлі кереғар діни ағымдардың жолынан адаспай, салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға баулу.