ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Еңбекші ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Туған тілім-ана тілім-өз тілім» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге жас ақын Мұқағали Әбдішәріп пен «Парасат» колледжінің студент жастары қатысты.
Кездесу барысында жас ақынның шығармашылығымен танысып, алдағы жоспарлары жайында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ ана тілімізге құрмет көрсетіп, өзге тілдерді де үйреніп жан-жақты болып, бірлігіміз жарасқан жарқын болашаққа бірге қадам басу жайында пікір алмасты.