«ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ — ҚАЙЫРЛЫ ЕЛ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

659

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің маманы және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Ушу Кунг-фу бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Зайырлы ел — қайырлы ел» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс шараның мақсаты жастарды өз елінің намысты нар тұлғалы, қырағы болуға тәрбиелеу.

Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай алдын-алып, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып спортқа баулу болып табылады.