ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шараның мақсаты қоғамда түрлі кереғар діни ағымдардың алдын алу және еліміздің заңына бағынып, халқымыздың салт-дәстүрін сақтау.
Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қыдырәлі Ахметжанұлы және Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық» колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.