ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

772

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл агенттігінің» Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен TedX форматында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты:

Жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларының жинағы және БАҚ-та ақпаратты орналастыру.

Жастардың бір-бірімен өзара байланысы, қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру.

Аталмыш кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Ерлан Алжанов және Джиу джитсудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионы , Әлем чемпионатының күміс жүлдегері,Азия чемпионы ,бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Ғалымжан Қатбаев қатысты.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.