Антикор заңсыз сыйлық алған ЖОО оқытушыларын қатаң жазалауды ұсынды

1330

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңсыз сыйақы алған университет оқытушыларына жазаны күшейтуді ұсынады, — деп хабарлайды Ardak.kz ақпараттық порталы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Антикор басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық тіркелген өңірлер: Атырау — 24 пайыз, Нұр-Сұлтан — 20 пайыз, Шымкент — 12,5 пайыз, Алматы — 12 пайыз, Алматы облысы — 12 пайыз, Маңғыстау — 10 пайыз және Түркістан облысы — 9 пайыз.

Сессия жабу дерегі бойынша 64 пайыз жағдай және университетке қабылдауға қатысты 14 пайыз жағдай анықталған. 95 пайыз жағдайда 5-тен 200 мың теңгеге дейінгі сома сыйақы ретінде және басқа жағдайларда сыйлықтар ұсынылған. Респонденттердің 28 пайызы басқа нұсқа жоқ деп жауап берген, ал әрбір бесіншісі мәселені осылайша шешу ыңғайлы және оңай екенін айтқан.

«Мәселенің шешімі ретінде агенттік Қылмыстық кодекстің 247-бабы бойынша («Заңсыз сыйақы алу») санкцияларын күшейтуді ұсынады, онда үкіметтік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, оның құрамына университеттер де кіреді. Бұл шара құрамды қылмыстық құқықбұзушылықтан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауыстыруға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, білім беру саласында үш жыл ішінде 400 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. 270 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Антикор мәліметінше, олардың арасында білім вице-министрлері, министрлікке еншілес ұйым алқаларының төрағалары, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық деңгейдегі білім бөлімдері мен департаменттерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мектеп директорлары бар.