«АИТВ/ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

984
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС алдын алуы» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: АИТВ-инфекциясымен күресу бойынша ЮНЭЙДС қорының ұсынысымен әлемде 90-90-90 стратегиясы негізінде, АИТВ жұқтырғандардың 90 пайызы өз статусы жайлы білу мақсатында жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарылату.
Аталмыш шараға Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» және «Түркістан индустриялды құрылыс колледжі» қатысты.