Шымкенттік ювеналды полиция инспекторлары мектеп оқушыларымен кездесті

919
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша кездесу өткізді. Аталған іс-шара барысында оқушылар арасындағы суицид тақырыбына ерекше назар аударылып, олардың орын алу себептері айтылды. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауға фактілеріне жол бермеу мақсатында ювеналды полиция инспекторлары мектеп ұстаздарымен бірлесіп түсіндерме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, ювеналды полиция инспекторлары оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас, болашаққа оптимистік көзқарас және өзін-өзі дамыту сияқты негізгі мәселелерді атап өтті.
«Ата-аналарды өздерінің кәмелетке толмаған балаларының тұрмысы мен демалысына қызығушылық танытуға, өз балаларының суицидке бейімділігі белгілерін дер кезінде анықтауға және оларды тәрбиелеу мәселелерінде немқұрайлылыққа жол бермеуге шақырамыз», – деді полиция майоры Сапарбаева Әсел Айқынқызы.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары мектеп оқушыларының мұндай кездесуге қызығушылық танытқанын және осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.