«Жас полицейлер» жол ережесін үйренуде

1974
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын-алу, сондай-ақ көшелерде және жолдарда қауіпсіз жүруіне байланысты балалардың дағдыларын бекіту мақсатында мектеп жанынан жас полицейлер клубы ашылған болатын.
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша жұмыстар үздіксіз атқарылуда. Атап айтсақ, №54 жалпы орта мектепке бекітілген Абай АПБ ЮПТ инспекторы полиция майоры Анар Махсудова жас полицейлерге жол жүру ережелерін үйретуде.
Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру – әрбір ата-ананың міндеті. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін, алдымен, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз қажет. Үйде – ата-ана, мектепте – ұстаздар мен мектеп инспекторы бірлесіп, жол ережелері туралы үйретер болса, балалардың қатысуымен болатын жол апатының алдын алар еді.