Шымкент: 2025 жылға дейін Абай ауданының 59%-ы кәріз жүйесімен қамтылады

894

2025 жылға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. 2020 жылы 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ал, өткен жылы Самал-1 шағынауданында, 2022 жылы Самал-3, Солтүстік-батыста құрылыс жұмыстары аяқталды Қалған елді мекендерді қамту бойынша 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда. 1-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 11 елді мекен орталықтандырылған кәрізбен қамтылатынболады. Олар Ақниет, Қатынкөпір, Телман, Агрпром, Самал-1, Жайлау, Қорғасын-1,2, Нұршуақ, Қызылжар, Ынтымақ шағынаудандары. 2-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 3 елді мекен орталықтандырылан кәрізбен қамтылатынболады. Атап айтар болсақ, Қазығұрт, Құрсай, Карл Маркс аудандары. Айта кетейік, Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылуда. Басқарма мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өскен. Қазіргі таңда Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Самал-3, Ұлағат, Мирас, Солтүстік-шығыс, Шапағат-2 шағын аудандары мен Хлопзавод көшесіндегі 48 мыңнан астам адам кәріз жүйесіне қосылады. Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 60%-ға өседі. Биыл барлығы 16 нысанда құрылыс жүргізілуде. Атап айтқанда 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.