Шымкент: Абай ауданында 9 елді мекенге ауыз су берілді

852

Шымкент қаласы Абай ауданындағы 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі. 2020 жылы ауыз суға 1,9 миллиард теңгеге 9 жоба (Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2). 2021 жылы 6,9 миллиард теңге қаралып, 9 елді мекенге ауыз су берілді (Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2). 2022 жылы 5,2 миллиард теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Оның ішінде атап өтетін мәселе Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталып, 9 елді мекендерге сапалы ауыз сумен толық қамтылуда. Абай ауданына 2014 жылы қосылған және жаңадан пайда болған 10 елді мекендердің негізгі проблемалары — инфрақұрылым мәселелері болған. 2020 жылға дейін, аталған мәселелерді шешу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленбей, проблемалары толық шешілмеді. Алайда 2020 жылы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізіліп, мәселелерін шешу мақсатында, тез арада жобалау-сметалық құжаттама дайындауға тапсырмалар берді. Нәтижесінде қысқа мерзімде 461 миллион теңгеге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Айта кетейік, қалада өткен жылы 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазіргі таңда қаладағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде. 2023 жылы миллионды қаланың ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.