Жасөспірімдер арасында заңбұзушылықтың алдын алу түсіндірілді

699

Шымкент қаласы №72 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Қарабаева мен полиция капитаны Х.Турсиметов қыздардың арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтып, баяндама оқыды. Басқосуда жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заңбұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.